Перудегі жол апаты құрбандарының саны 48-ге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Перудегі Панамерикан тас жолының Пасамайо ауданында автобустың құздан құлауы салдарынан қаза тапқандардың саны 48-ге жетті, деп жазады жергілікті El Comercio газеті.

Алғашқы мәліметтер бойынша оқиға орнында қаза тапқандар саны 25 төңірегінде деген хабар таралған еді.

Соңғы деректерге қарағанда, шамамен 100 метр биіктіктен мұхит жағалауына құлап кеткен автобуста 55 жолаушы болған. Билік жан түршігерлік оқиғаны тексеріп жатыр. Бастапқы болжам бойынша апатқа автобустың басқа көлікпен соқтығысуы себепші болған.