Агенттіктің хабарлауын қарағанда, үкіметтің шұғыл отырысында осындай қаулы қабылданған.
Адам құқықтарының бұзылуы және сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталып, түрмеге жабылған Перудің бұрынғы басшысы онкологиялық аурудан зардап шегіп отыр.
Еске сала кетсек, 79 жастағы Фухимори 25 жылдық бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан болатын. Соттың шешіміне қарағанда ол 200 миллион доллар қаржыны жымқырған.