Перзентханада қайтыс болған әйелдің өліміне қатысты полиция түсінік берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда №1 перзентханада босанған жас әйелдің өліміне қатысты қалалық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдің өлімінен соң Алмалы аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі ҚРҚК 317-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

«Марқұмның туыстарының арызын күтпей тергеу жұмыстары басталды. Себебіоқиға болған күні тергеу тобы сол жерге шақырылды. Бірқатар сот-медициналықсараптама тағайындалды. Сонымен қатар, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментітексеру жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында біз олардың қорытындысында күтетін боламыз. Содан соң адам өліміне кім айыпты екені анықталады. Егерәйелдің қайтыс болуына дәрігерлер айыпты болса, ҚР ҚК 317 бабының 1 бөлімібойынша (медициналық қызметкерлердің функционалдық міндетін дұрыс орындамау)қылмыстық жауапқа тартылады. Жас әйелдің өліміне әкеліп соқтырған факторлардыанықтау үшін сараптамалық зерттеулердің қорытындысын күту керек», - дедіқалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, қайғылы оқиға №1 перзентханада 17 шілдеде болған.

Бұл туралы Instagram желісінде қайтыс болған әйелдің сіңілісі жазды.

«Суретте менің әпкем. Дәрігерлердің жауапсыздығынан көз жұмды. №1перзентханада 17 шілдеде түнгі сағат 3:00-дер шамасында дәрігерлер кесарьтілігін жасады. Өмірге қыз бала келді. Бірақ, анасы өзіне өзі келе алмады. Ішіауырды. Алайда дәрігерлер бәрі жақсы, бұл ауырсыну болады деп сендірді. Біразуақыттан соң іштен қан кете бастады. Кешкі сағат 5:00-де оны қайтаданоперацияға алған. Бірақ кеш болды. Әпкем қайтыс болып кетті. Артында үш баласықалды. Біздің қайғымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес», - деді Альбина Исраилова.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаға байланысты кешендікомиссия құрылғанын хабарлады.

Қазір перзентханада қызметтік тексеру жүріп жатыр.