-Путин мен Тоқаевтың достық жылы қарым-қатынасы көшбасшыларға маңызды деген мәселелерді ашық та еркін талқылауға мүмкіндік береді,-деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Оның сөзінше, Владимир Путин келіссөздерді Кремль пәтерінде жалғастыру ұсынысын өте сирек жасайды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін ол пәтерде Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин болған.
Айта кетейік, Президенттің Ресейге мемлекеттік сапары барысында 13 келісімге қол қойылды.