Америкалық тарап Келлогты осы себеп бойынша келіссөздерден шеттеткені туралы ақпаратты Песковтан жұма күні журналистер сұрады.
— Жоқ, мен мұны растай алмаймын. Ресей тарапы АҚШ-тың ішкі істеріне араласады деп ойлау – абсурд. Бізде ондай ниет мүлде жоқ. Біз, керісінше, барлық қарым-қатынас өзара құрмет негізінде құрылуы керек деп есептейміз. Өзара құрметті басшылыққа ала отырып, әрине, біз АҚШ-тың ішкі істеріне араласпаймыз. Кімді тағайындау, кімді тағайындамау – бұл олардың шешімі. Сондықтан мен бұл ақпаратты мүлде растай алмаймын, – деп түсіндірді Песков.
Бұған дейін NBC News Трамп әкімшілігінің аты-жөнін атамаған өкіліне сілтеме жасап, Мәскеудің өтініші бойынша Келлогтың Ресей мен АҚШ арасындағы Украина жөніндегі келіссөздерден шеттетілгенін хабарлаған болатын.