Песков: Путиннің Трампқа сыйлығы жеке сипатқа ие

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей президенті Владимир Путиннің жеке сыйлықтарына қатысты жан-жақты ақпарат берілмейді. Бұл туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС .

Фото ТАСС

ТАСС агенттігінің сұрағына жауап берген Песков Путиннің АҚШ президенті Дональд Трампқа орыс суретшісінің қылқаламынан шыққан портретін сыйға тартқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

- Айтарым, бұл - президенттің америкалық әріптесіне жасаған жеке сыйлығы. Сондықтан біз қосымша ақпарат бергіміз келмейді. Егер президенттің өзі бұл туралы айту қажет деп тапса, оны өзі хабарлай жатар, – деді Песков.

Бұған дейін Трамп Колорадо штатындағы Капитолий ғимаратында ілінген өзінің «бұрмаланған» портретіне шағымданғаны туралы хабарланған болатын.