Песков: Ресей делегациясы 15 мамырда Ыстамбұлда украиналық өкілдерді күтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Ресей делегациясы бейсенбі күні Ыстамбұлда украин тарапының келуін күтетінін мәлімдеді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ВГТРК журналисі Павел Зарубиннің сұрағына жауап бере отырып, деп хабарлайды ТАСС.
— Біз тек президент [РФ Владимир] Путиннің мәлімдемелерін негізге аламыз. Ол делегациялар арасындағы келіссөздерді бейсенбі күні Ыстамбұлда өткізуді ұсынды. Біздің делегация сонда болады және украин тарапын күтеді, — деді Песков Зеленскийдің Ресей басшысымен кездесуге ниет білдіруіне қатысты Зарубиннің сұрағына жауап бере отырып.
Сондай-ақ Песков Ресей делегациясының құрамы президенттің тиісті нұсқауы болған кезде ғана жарияланатынын нақтылады.
Бұған дейін Зеленский 15 мамырда Түркияда болатынын, онда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесу жоспарланғанын растаған. Ол сондай-ақ Анкарада немесе Ыстамбұлда Путинмен кездесуге үміт артып отырғанын айтқан.
Бұған дейін біз Путиннің келіссөз өткізу туралы ұсынысына Еуропа елдері басшыларының қалай жауап бергені туралы жазған едік.