Петербор экономикалық форумында дағдарыстан кейінгі қаржы құрылымын талқылайды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Жақында өткелі отырған Петербор халықаралық экономикалық форумының бағдарламасы әлемдік дамудың ағымдағы кезеңінің өзекті мәселелеріне арналады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Форумның тақырыптық іскерлік бағдарламасы екі күнге бөлінеді: маусымның 5-і күні - экономикалық тақырыптар талқыланса, маусымның 6-сында ? қаржылық мәселелер сөз болады. Талқыланатын тақырыптардың ішіне заманауи экономикалық ахуалдың ең маңызды аспектілері: мемлекеттердің дағдарысқа қарсы науқандары, жаһандық институттар рөлінің күшейтілуі, дағдарыстан кейінгі қаржылық құрылым кіреді. Форумға қатысушылар халықаралық қаржылық институттардың келешегін, банк секторын дамытудың болашағын, үкіметтер қабылдап жатқан шаралардың тиімділіктерін және басқа да маңызды тақырыптарды түсінудің жаңа жолдарын талқылайды. Әсіресе, осынау мәселелерді шешудегі Ресейдің рөліне ерекше назар аударылады.