09:04, 08 Маусым 2009
Петербор форумы барысында бірнеше миллиард доллар соманың мәмілесі жасалды
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат - XIII петербор экономикалық саммиті барысында бірнеше миллиард доллар соманың мәмілесі жасалды.
Бұл туралы Ресейдің экономика министрі Эльвира Набиуллина форумның қорытынды баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Министрдің айтуынша, толыққанды ақпарат кейіндеу жария етіледі. Эльвира Набиуллина ханым, Еуропалық қайта құру және даму банкі қолдаған Ресейдің «Внешэкономбанкінің» шағын бизнесті ынтыландыру жөніндегі жобасы сияқты бірқатар тартымды бағдарламаларды баса атап көрсетті. 2008 жылы XII Санкт-Петербор экономикалық форумында жалпы сомасы 14,6 миллиард доллардың 17 мәмілесі жасалған болатын. Былтырғы форумның жұмысына 8 мыңнан астам адам қатысса, биылғы форумға 3,5 мың кісі келді. Ресей вице-премьері Игорь Шуваловтың айтуынша, биыл бұл басқосуға 250 делегация, 400-ден астам ресейлік және 300-дей шетелдік компания, 26 министр, 8 үкімет төрағасының орынбасарлары қатысты. «Форумға барлығы 83 елдің өкілі келді»,- деді И.Шувалов.