Петербор ғалымы 5 пайыз дәлдікпен өнімді болжау тәсілін әзірледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербор ғалымы, Нобель сыйлығының 2007 жылғы лауреаты 5 пайызға дейін дәлдікпен өнімділікті болжау тәсілін әзірледі.

Бұл туралы ТАСС-қа СПбМУ климатология және қоршаған ортаның мониторингі кафедрасының профессоры - әзірлеушінің өзі Геннадий Менжулин хабарлады.

«Зерттеу негізінде өнімділік туралы спутниктен түсірілімдер мен статистикалық деректер - екі ірі дереқор негізінде болжамның математикалық үлгісін қалыптастыру жатыр», - деп түсіндірді ол.

Пилотты өңір ретінде Менжулиннің ғылыми тобы Ресейдің 20 еуропалық облысы мен америкалық Канзас штатының 105 округін, сондай-ақ Францияның кейбір аумағын алды.

«Біз деректерді түрлі аудандардағы өнімділік туралы статистикалық ақпаратпен салыстыра отырып, спутниктен алынған деректерді талдаймыз. Өткен жылдағы өнімнің өзара тәуелділік алгоритмін іздейміз, түсірілімнен түсірілімді, аумақтан аумақты, аптадан аптаны талдай отырып, болжамдардың жұмыс үлгісін қалыптастырамыз», - деді ғалым.

Геннадий Менжулин 2007 Intergovernmental Pannel on Climate Change" - климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы» халықаралық ғылыми ұжым құрамында әлемдік Нобель сыйлығын алды.