«Форумды бизнес ұйымдастырды. Мұндағы мемлекет ақшасы небәрі 3 пайызды, яғни 40 миллион теңгені құрады», - деп түсіндірді ол.
Бұған дейін 20 маусымда қорытынды баспасөз мәслихаты барысында Кобяков биылғы жылғы форумға 120 мемлекеттің өкілі келгені жайында мәлімдеген болатын. Жалпы сомасы 293,4 миллиард рублді құраған 205 келісімге, меморандумдарға және келісімшарттарға қол қойылды. 2015 жылғы форумға 10 мың адам келген. Бұл қонақтардың рекордтық саны. Олар 150 түрлі шараларға қатысты.