Петербор орталығында Малая Садовая көшесінде Виктор Цойдың туғанына 50 жыл толуына арналған көрме ашылды. Көрмеге аңызға айналған петерборлық рок-музыканттың 44 портреті қойылған. Оны суретке фотограф Сергей Берментьев түсірген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бірнеше жыл бұрын Санкт-Петербор өкіметі Цойдың ескерткішін орнатпақ болған, алайда бұл оқиға кейінге қалдырылып келеді. Қала құрылысы кеңесі музыканттың туыстары мен достары ұсынған жобаны қабылдамай отыр.
Виктор Цой - «КИНО» рок тобының негізін қалаушы. Қазақстандық режиссер Рашид Нұғыманов Виктор Цойдың қатысуымен «Ине» атты көркем фильм түсірді. Атақты музыкант 1990 жылы 28 жасында Латвияда жол-көлік апаты кезінде мерт болды.