Петербор мұражайлары «Мұражайдағы түн» акциясына әзірленуде

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Петербордың 45 мұражайы мамырдың 16-сынан 17-сіне қараған түні «Мұражайдағы түн» дәстүрлі акциясына қатысады.

Әрбір мұражай осынау түнге арнап арнайы бағдарламалар әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл түні мұражайға келушілерді конкурстар, спектакльдер, ерекше шеберлік сабақтары, театрландырылған қойылымдар күтеді. Былтыр осынау акция аясында Петербордың мұражайларында өткен бағдарламаларды 24 мыңдай адам тамашалаған. Мысалы Әскери-тарихи мұражай «Мұражайдағы түнді» рыцарьлар турнирімен, қылыштасу жекпе-жегімен атап өтеді. Петербор зообағының қызметкерлері биылғы түнгі мерекеде қаладағы алғашқы өрмекшілер көрмесін ашқалы отыр.