Петербор мысығы Чемпиондар лигасының жеңімпазын болжап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 маусымда УЕФА 2015 Чемпиондар лигасының шешуші матчы өтеді. Финалда итальяндық 'Ювентус' пен испандық 'Барселона' футболшылары кездеседі.

Бұл ойын Берлиндегі "Олимпиаштадион" аренасында өтеді.

Кездесудің бас төрешісі болып түрік Джюнейт Чакыр тағайындалды. Оған отандастары лайнсмендер Бахаттын Дуран мен Тарик Энгюн жәрдемдеседі, ал қосымша көмекшілері - Хюсейин Гечек пен Барыш Шимшек.

Петербордағы Жора деп ат қойылған мысық "Ювентустың" жеңісімен аяқталатыны туралы өз болжамын жасады.

Еуро-2012 -де Жора мысығы халықтың сеніміне ие болған, оның болжамының нақтылығы 60 пайызды құрады, сөйтіп жануар-балгерлер рейтингінде көш бастады.