ТЖМ-нің мәліметтерінше, Honda және Kia маркалы көліктердің бұғымен соқтығысуы 9 қаңтарда шамамен сағат 18:39-да болған.
Оқиғаның куәгерлері көліктердің бірі қатты бүлінгенін хабарлап отыр: оның үсті дерлік толық алынып қалған. Екінші көліктің бірнеше жерін жырып кеткен.
Қираған көліктің жүргізушісі ауыр халде. Ал бұғы өліп қалды.
Аталған жол апатының зардаптарын жою үшін 9 адам мен 2 техника тартылды.