Петербор тұрғыны өз қызын атты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербордағы Планерлік көшесінде ер адам травматикалық тапаншамен өз қызын атты.

Ресей ІІМ Петербор бойынша ММ баспасөз қызметі хабарлағандай, 43 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін қала тұрғыны травматикалық тапаншаны оқтап жатқанда, атылып кеткен, салдарынан қызы жарақаттанды.

10 жасар қыз бала ауруханаға жеткізілді.

Тексеру барысында қару қыздың әкесіне заңды негізде тиесілі екендігі анықталды. Полицейлер оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтауда.