Петерборда араққа сылқия тойған егде жастағы ер адам өз үйінің терезесінен адамдарға оқ жаудырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербордағы Муринский даңғылының тұрғындары ішімдікке сылқия тойып, есін білмеген зейнеткердің құрбанына айнала жаздады.

66 жастағы ер адам мылтығын алып шығып, оларға оқ жаудырған.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Ішімдікке құмар жанды 51 жастағы зайыбы «тапсырды». Полиция ұстауға келгенде, оның атуға да, тіпті, сөйлеуге де шамасы болмаған. Қазіргі кезде ер адам ауруханаға жатқызылды, алдағы уақытта оны тергеу және сот күтіп отыр.