Петерборда Балалардың Таврия ассамблеясы өтеді

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - А.П,Петров атындағы IV бүкілресейлік фестивальдің аясында қазанның 1-і - Халықаралық музыка күні, Санкт-Петербордағы Таврия сарайында Балалардың IV Таврия ассамблеясы өтеді.

Бұл шараға ТМД елдерінен келген өнерлі, дарынды балалар - түрлі конкурстардың, шығармашылық және ғылыми олимпиадалардың, фестивальдер мен байқаулардың жеңімпаздары қатысады, деп хабарлады ТМД Парламентаралық ассамблеяның баспасөз құызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, Таврия сарайының 220 жылдығына арналған және 2009 жылдың желтоқсан айында өткен, Қасиетті Пасха күні -2010 жылы сәуірдің 4-інде өткен және Балаларды қорғаудың халықаралық күні - 2010 жылы маусымның 1-інде өткен алғашқы үш қайырымдылық Балалардың Таврия ассамблеялары қатысушылар мен қонақтардың жоғары бағаларын алған болатын.