Петерборда бұрынғы қоршауда болған трамвай жүргізіледі

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ленинградты фашистік қоршаудан толықтай азат етуге 67 жыл толуына орай қала ішінде ретро-трамвай жүріп өтеді.

Петерборлық «Горэлектротранс» хабарлағандай, акцияға соғыс кезінің символы болған МС және МС-2 вагондары тартылады.

Ұйымдастырушылар атап өтіп отырғандай, ленинградтық трамвай қоршауда қалған қалада ерекше орында болды, өйткені ол көліктің жалғыз түрі дерліктей болды. Қоршау басталмай тұрып, трамвай соғыс жағдайына көшірілді. Жаралыларды тасымалдауға арналған вагондар, сондай-ақ, көшеде соғыс қимылдарын жүзеге асыратын және әскерилерді алдыңғы шепке жеткізумен айналысқан броньды вагондар да пайда болды.

1941 жылдың желтоқсан айында электр қуатының берілуі тоқтатылып, трамвайлар тұрып қалды. Дегенмен, наурыз айында алғашқы жүк пойызы жүргізіліп, 1942 жылдың 15 сәуірінде жолаушылар трамвайының жұмысы жанданды.