деп хабарлады Лента.ру.
Алқалы жиынға бірнеше мың адам қатысуда. Олардың арасында ірі компаниялардың менеджерлері, шенеуніктер, сарапшылар бар. Ағымдағы жылғы форум «Тиімді көшбасшылық» ұранымен өтуде.
Бұл жолғы шараға Еуропадағы қарыз дағдарысы, «араб көктемінің» әлемдік экономикағы әсері, сонымен қатар Жапониядағы «Фукусима-1» реакторындағы апаттан кейін атом энергетикасының болашағы басты тақырып болмақ. Қатысушылар сондай-ақ Кавказдың, Қиыр Шығыстың дамуын, Сколковадағы инновациялық кластердің жүзеге асырылуын және шикізат нарығындағы ахуалды талқылауды көздеуде.