18:30, 21 Наурыз 2009
Петерборда инкассаторларға шабуыл жасалды
МӘСКЕУ. Наурыздың 21-і.т ҚазАқпарат – Белгісіз екі адам «Росбанктің» бронды машинасынан 10 млн. рубльді алып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Оқиға талтүсте болған. Машина жүргізушісін ешқандай құралсыз қарусыздандырған.
«Қылмыскерлер тоқтап тұрған ЗИЛ инкакассатор машинасына келіп, оның жүргізуші-инкассаторын жұдырықпен ұрып, ақша салынған инкассатор сөмкесін алып кеткен», - деп хабарлайды Санкт-Петербордың құқық қорғау органындағы дереккөз.Қалалық ішкі істер басқармасында басқа дәйекті алға тартады. Олардың мәлімдеуінше, инкассаторлар өздерінің бейқамдығынан осындай жағдайға душар болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, олар броневиктен шығып, есікті ашық қалдырған.
Ұрылар әзірге анықталған жоқ, тері кеудеше киген екі адам болғаны айтылады. Оларды іздеу шаралары қолға алынды, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.