Петерборда «Ленфильм» ғимараты өртеніп жатыр

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Петерборда Красносель ауданында «Ленфильмнің» ғимараты отқа оранды.

Петербор бойынша ТЖМ ММ баспасөз қызметінің хабарлауынша, таңғы 8.00 шамасында Новобелицк көшесі, 5 үй мекен-жайында орналасқан «Ленфильм» ғимараты өртене бастаған.

2-5 қабатты ғимараттың төртінші қабатындағы 20 шаршы метр алаң жанып жатыр.