Петерборда Ленинград қоршауы бұзылғанының 68 жылдық мерекесін атап өтуде

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Бүгін Санкт-Петерборда қала тарихындағы айтулы күндердің бірі - 1943 жылдың 18 қаңтарындағы қамалдың алынған күні аталып өтілуде.

Қоршаудан босатылған қала тұрғындары мен ардагерлер бұл оқиғаға 68 жыл толып отырған бүгінгі мерекеде дәстүр бойынша жау шебі алынған Ленинград облысы, Киров ауданы Марьино ауылына жиналады.

Сондай-ақ ардагерлер мен қоршауды алған адамдар Синявино кентінің маңында орналасқан Мурман жолындағы «Екі майдангердің кездесуі» ескерткішіне гүлдестелерін қойды.

Осы тарихи оқиғаға орай мерекелік концерт өтеді, іс-шараға алыс-жақын шетелдерден ұзын саны 4 мыңнан астам ардагер мен кезінде қоршауды бұзуға қатысқан адамдар шақырылды.

Ленинград қоршауы толықтай 1944 жылдың 27 қаңтарында алынған болатын.