Петерборда Леонардо да Винчи туралы бұрын болмаған ең толық және жан-жақты

НКТ-ПЕТЕРБОР. 10 тамыз. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Петербор қаласының тұрғындары мен шаһар қонақтары Леонардо да Винчи туралы бұрын болмаған ең толық және жан-жақты "Гений да Винчи" атты көшпелі көрменің куәсі бола алады.

Көрме Артиллерия, инженерлік әскер және әскери байланыс Әскери-тарихи көрмесінде 2011 жылдың 1 қазаны мен 2012 жылғы 10 қаңтар аралығында жұмыс істейтін болады.

Мұражайдың баспасөз қыметінен хабарлағандай, көрме итальяндық "Антропос" (Anthropos Association of Italy) қауымдастығы мен "Гранд Экзибишнс" компаниясының бірлескен жұмысының арқасында пайда болды. Іс-шара «Ресейдегі Италия жылы және Италиядағы Ресей жылы» бағдарламасының аясында жүзеге аспақ.

"Гений да Винчи" көрмесі Леонардо да Винчидің өнертапқыш, суретші, мүсінші, инженер, музыкант және сәулетші ретіндегі барлық қырын ашып көрсетеді. Көрмені жасау үшін он жылдан астам уақыт кеткен.