09:48, 16 Маусым 2009
Петерборда маусымның 22-сіне қараған түні арнайы еске алу шарасы өтеді
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Еске алу және аза тұту күні Санкт-Петерборда «Маусымның 22-сіне қараған түн» деп аталатын арнайы шарасы өтеді.
ҚазАқпарат тілшісіне Санкт-Петербор әкімшілігі Мәдениет жөніндегі комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Еске алу акциясы Ленинград қорғанысының алдыңғы шебі өткен, бүгінде «Ленинградты қорғау кезінде қаза тапқандар мен із-түссіз жоғалғандардың ескерткіш-храмы» салынып жатқан соғыс кезінде жермен-жексен болған шіркеудің орнында өтеді. Маусымның 22-сі күні түнгі сағат 00.00-ден бастап таңғы 05.00-ке дейін созылатын бұл шара барысында храмның мемориалдық мұражайында 1941-1942 жылдары Старо-Паново-Лигово майдан учаскесіндегі оқиғалар туралы баян ететін көрме ашық болады.