08:52, 13 Сәуір 2009
Петерборда нацизм құрбандарына арналған ескерткіш ашылды
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Сәуірдің 11-і күні - Фашистік концлагерьлерден тұтқындарды босатудың халықаралық күні аталып өтті.
Осынау атаулы күнге орай Нева жағалауындағы қалада нацизм құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Бұл нацизм құрбандарына арналып Петерборда ашылып отырған алғашқы және әзірге жалғыз ескерткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ескерткіш авторларының жобалары бойынша, мемориал фашизмнің тар қапастарынан өткен адамдардың шырғалаң тағдырын бейнелеп, аллеядан басталады. Бүгінде Санкт-Петерборды фашистік концлагерьлердің сол кездері кәмелетке толмаған 17 200 тұтқындары мекендейді. 1945 жылғы сәуірдің 11-інде Бухенвальд концлагерінің астыртын комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастырып, тұтқындар азаттық алды. Сол кезден бастап барлық елде Халықаралық фашистік концлагерьлердегі тұтқындарды босату күні атап өтіледі.