08:29, 25 Наурыз 2009
Петерборда нәсілшілдік пен ксенофобияға қарсы кинофестиваль өтеді
МӘСКЕУ. Наурыздың 25-і ҚазАқпарат - Санкт-Петерборда бүгін Нәсілшілдік пен ксенофобияға қарсы халықаралық кинофестиваль басталады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап. Фестиваль "Это свободный мир" картинасымен ашылмақ. Сондай-ақ бұл шараға келген көрермендер "Горящая стена" фильмінде көтерілетін тоталитаризм проблемасын талқылай алады. Фестивальдің «балаларға арналған күні» - "Дети дождя" мультфильмі көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасына сонымен бірге нәсілдік және этникалық төзбеушілік тақырыбына арналған жас фотографтардың көрмесі енгізіліп отыр.