Чемпионат кестесіне бағдарламаның олимпиадалық түрлері, оның ішінде жеке және ұжымдық жарыстар, спринт додасы кіріп отыр.
Жарысқа Ресейдің Мәскеу, Петербор, Самара, Омбы, Тверь, т.б. қалаларынан және Достастықтың Беларус, Қазақстан және Украина елдерінен шеберлер қатысуда. Олардың ішінде 2009 жылғы Еуропа чемпиондары Артур Ершов, Валерий Кайков, Евгений Ковалев және Александр Петровский, төрт дүркін әлем чемпионы Светлана Граньковская, 2008 жылғы Еуропа чемпиондары Денис Дмитриев пен Стоян Васев бар.
Трек велоспортынан чемпионат бұған дейін Мәскеуде өтіп келген болатын. Бірақ 1979 жылы салынған және жолының ұзындығы 333 метрлік Мәскеудегі «Крылатский» велотрегі бүгінде заманауи талаптарға сай келмейді. Бүгінде әлем чемпионаттары мен олимпиадалық ойын түрлері өтетін Петербор велотрегі - әлемдік талаптарға сай Ресейдегі алғашқы спорт нысаны.