Петерборда шариғат соты ашылды

АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - Петерборда шариғат соты ашылды. Жаңа сот Ислам құқық қорғау орталығының жанында жұмыс істейді, деп хабарлады «Маяк» радиосы.

Шариғат сотында жоғары кәсіби діни білімі бар адамдар жұмыс істейді. Олар тұрмыстық, отбасылық және азаматтық істермен айналысады.

«Бұл соттың шешімдері заңды күшке ие болмайды. Шариғат соты - бұл ар-ождан соты. Дүре соғу немесе тас лақтыру сияқты жазалар қарастырылмайды. Сот адамдарға Құран тұрғысынан өздерін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы кеңестер ғана береді», - дейді Ислам орталығының өкілдері.