деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі.
Бейресми деректерге қарағанда, жұмысшылар ғимараттың жоспарында көзделмеген шағын бөлмесінде күмістен жасалған бірнеше мың зергерлік бұйымға тап болған.
Айта кетерлігі, бұл зәулім сарай бастапқыда орыс ақыны Александр Пушкиннің арғы аталарына тиесілі болған. 1875 жылы үйді Василий Нарышкин сатып алған. Дегенмен ол 1917 жылы Ресейден бой тасалаған. 1920 жылы зәулім сарайда сақталған көптеген көркемөнер туындылары Эрмитажға берілген.