Петерборда жауған қалың қар тарихи рекорд орнатуда
Қар қабатының деңгейі 30 см дейін жетті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне «Гидрометцентр» мәліметтеріне сілтеме жасаған Петербор әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Петербор вице-губернаторы Алексей Сергеевтің айтуынша, қалың қарды тазалауға қаладағы барлық жинау техникасы шығарылып, барлық адам ресурсы жұмылдырылуда. Қазіргі таңда қаланы толассыз жауған қардан тазалауға 1 216 бірлік қар жинайтын техника, 340 самосвал, 162 жүк тиейтін көлік атсалысуда. Оған қоса, тағы 1 мыңнан астам адам қар жинауға жұмылдырылған.
Алдағы күндерде ауа райының жайсыз болатыны туралы болжам жасалып отыр. Синоптиктердің пікірінше, қар аптаның соңына дейін жауады және тарихи рекорд тағы бір рет жаңарады.