Ресейдің Ғылым академиясы Материалдық мәдениеттер тарихы институтының аға қызметкері, археолог Владимир Кюльдишевский баспасөз мәслихатында, "сүйектердің кімдікі екенін құрамына археологтардан басқа, криминалистер мен тарихшылар кіретін арнайы жұмыс тобы анықтайтындығын" мәлім етті.
Ғалым, жұмыс тобының сүйектерді зерттеуге қашан кірісетіні әлі белгісіз екенін нақтылады. «Бұл, бірінші кезекте, зерттеу жұмыстарын қаржыландыру мәселесіне байланысты болады. Оған қоса, сот-медициналық сарапшыларының сүйектерді қанша уақыт зерттейтіні белгісіз, мысалы Екатеринборда табылған патша сүйектері бір жылдай зерттелген болатын. Ал бұл жерде 16 адамның сүйегі табылып отыр», деп нақтылады археолог.
Кюльдишевский, сүйектердің сот-медициналық сарапшыларына берілгенін айтып өтті.