Петербордың тұрғыны мас күйінде өз баласын пышақтап тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицейлер Петерборда өз ұлының өліміне қатысы бар деген күдікпен 55 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Петерборлық тәртіп сақшыларының ақпаратынша, қылмыс 8 желтоқсанда орын алды. Тергеушілер анықтағандай, бұл күні 1960 жылы туған петерборлық ер адам Петров көшесіндегі өз пәтерінде ұлымен бірге ішімдік ішкен.

Ащы суға масайған әкесі мен ұлының арасында дау туады. Осыдан соң үй иесі ұлын пышақтаған. Алған жарақаттар салдарынан жәбірленуші қаза тапты.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Ресейлік БАҚ.