Петербургте жарылыс жасаған күдікті психологиялық дертке шалдыққан- БАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербург қаласындағы «Перекресток» дүкенінде болған жарылысты ұйымдастырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ТАСС .

Агенттіктің хабарлауына қарағанда, жарылысты ұйымдастырған адам психоневрологиялық диспансерде есеп тұрған. Сондай-ақ, оның жергілікті тұрғын екендігі де анықталды.

Еске сала кетейік , жарылыс сәрсенбі күні кешкісін Петербургтің солтүстігіндегі Кондратьев даңғылында орналасқан «Перекресток» дүкенінде болған еді. Оқиғаның салдарынан 10 адам зардап шекті. 

РФ Президенті Владимир Путин Петербургте болған жарылысты терракт деп атады .