Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
«Сіз алған халық сенімінің жаңа мандаты Қазақстанның заманауи мемлекеттілігінің табысты дамуына қосқан үлесіңіздің мойындалғанын айғақтайды», - делінген жеделхатта.
Украина Президенті еліне оның тарихының күрделі кезеңінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне ризашылық білдірген.
«Бірлескен күш-жігеріміз арқылы біз екіжақты қарым-қатынасты жандандырып, елдеріміз арасындағы көпқырлы ынтымақтастық аясын кеңейтеміз деген сенімдемін», - делінген құттықтауда.
Соңында П.Порошенко Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, бақуаттылық және жауапты мемлекеттік қызметіне жаңа табыс, ал достас Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.