Petrobras басшылығы 12 мың қызметкерді қысқартуды жоспарлауда
10:35, 02 Сәуір 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық Petrobras мұнай компаниясы 12 мың қызметкерді қысқартуды жоспарлауда, деп хабарлады Gazeta.ru Reuters-ке сілтеме жасап.
«Компанияда 12 мыңға жуық адам қысқартылады деп күтілуде. Шығыстар 4,4 миллиард риалға (1,2 млрд доллар) бағаланатын ауқымдағы жоспарды қарастырып жатырмыз», - деп хабарлады компаниядан.
Қызметкерлер жұмыстан босату туралы өтініш жазады да, олар компаниядан 56 мың доллардан 195 мың долларға дейін алады.