деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» 2009 жылдың 9 айында 3 млн. 101 мың тонна мұнай, ал «ПетроҚазақстан» Сауда үйі (ПҚ СҮ) 1 млн. 424 мың тонна мұнай өңдеді.
Соңғы кезде әлемде және Қазақстан Республикасында мұнай өнімдері бағасының үздіксіз өсуі орын алып отырғанына қарамастан, ПҚ СҮ бензинінің бағалары ақпан айындағы деңгейде, ал дизельдік отынының бағалары мамыр айындағы деңгейде қалып отыр және қазіргі сәтке дейін осы шамада ұсталуда», дейді аталмыш компанияның энергетика-тасымалдау маркетингі бойынша вице-президенті Го И.
«Көптеген ақпарат құралдарында бағалар қолдан көтеріліп жатқандығы монополиялық істің нәтижелері деген мағлұматтар тараған болатын. Осы себепті біз бүгін баспасөз мәслихатын өткізіп, халыққа жанармай бағасын көтермегенімізді және ақпан айында бекіткен бағамен сатылып жатқандығын жеткізгіміз келді. Біздің компанияның жанармай сататын бекеттері жоқ. Бізден көп мөлшерде трейдерлер сатып алады, бағаның көтеріліп кетуіне солар себепші шығар», дейді «ПетроКазахстан» компаниясының коммуникация жөніндегі маманы Қуат Байыров.