деп хабарлады Сауда үйінің баспасөз қызметінен.
«Ұсынылған көтерме бағалар нарықтың өзге қатысушылары ұсынып отырған бағадан аспайды, оны белгілеу барысында нақты сұраныстар мен оларды тасымалдау, күзету, мұнай базаларында сақтау шығындары ескерілді. Қазіргі уақытта «ПетроҚазақстан» сауда үйінде Аи-92 бензинінің көтерме бағасы, мысалы 69 теңге/литрді құрайды», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
«Оңтүстік Қазақстан облысынан басқа, барлық дерлік облыс әкімдіктерінен оң жауаптар алынды, ал Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен жеткізілім бағасы бойынша әзірге ауызша келісімге ғана қол жеткізілді», делінген хабарламада.
Сауда үйінің басшылығы белгіленген көтерме бағаны Үкіметтің жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін қолдау шарасы ретінде түсіндіруде.