«ПетроҚазақстанОйлПродактс» компаниясы ОҚО-да тұратын 50 көпбалалы анаға материалдық көмек берді

None
МКЕНТ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкенттегі «ПетроҚазақстанОйлПродактс» компаниясы 50 көпбалалы анаға материалдық көмек берді.

«Біздің кәсіпорынның басшылығы өздерінің ауру-сырқаулығына қарамастан балаларын бағып-қағып отырған көпбалалы аналарға қолдау көрсетуге ұйғарды. Бүгін біз оларға материалдық көмек көрсеттік», - деді кәсіпорынның әкімшілік және PR бойынша менеджері Еркін Жұмаділ.

Ол сондай-ақ қайырымдылық акциялары кәсіпорында үнемі өткізіліп отырғанын атап өтті. Мұнайшылар көпбалалы аналардың жағдайы жөнінде «Ару-аналар» көпбалалы аналар бірлестігімен ынтымақтастықтың арқасында біліп отырады. Бұл жолы мұнай өңдейтін кәсіпорын басшылығы көмекке 1 150 000 теңге қаржы бөлді», - деп атап өтті Е.Жұмаділ.