Петропалда ұры ауыр қондырғыларды жүк тиегішпен әкетіп отырған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда видеобақылау камералары арқылы ұры қолды еткен заттарның қолды еткен затын салып алып кеткен көлік табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, шина монтаждау шеберханасынан ұрланған, 1,6 миллион теңгенің қондырғысы камераға түспеген. Бірақ қондырғы иесінің шағымынан кейін полицейлер кімді іздеу керектігін бірден түсінген.

«Күдіктілердің бірі фронтальдық жүк тиегіштің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Күдікті ұрлық жасау үшін осы машинаны пайдаланған. Жүк көлігінің шөмішіне механикалық қондырғыларды толтырып алып, түнгі қала көшелерімен келе жатқан машинаны бірден бірнеше камера түсіріп алған. Тергеу нұсқасы бойынша, ұрлықты Петропавлдың 1986 және 1994 жылы туған екі тұрғыны жасаған. Олар сотта жауапқа тартылып, үш жылға бас бостандықтарынан айырылды», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Жедел басқару орталығының операторлары қылмыстарды дер кезінде ашуға жиі септігін тигізуде. Мәселен, үйдің кіреберісінде 67 жастағы петропавлдыққа шабуылдаған қарақшы да осылай ұсталған. Бұдан бөлек, ұрланды деп арыз түскен «Тойотаны» операторлар көп машинаның ішінен бірден таныған.

«Камералардың көбеюіне байланысты анықталған құқықбұзушылықтар саны да артып отыр. Жыл басынан бері қаладағы камералар 4,4 мың әкімшілік құқықбұзушылықты тіркеді. Ал былтырғы алғашқы тоқсанда бұл көрсеткіш 3,3 мың еді. Қырағы операторлар 41 қылмысты ашуға көмектесті. Бұл да 2017 жылдың алғашқы үш айына қарағанда 12% көп», - дейді Петропавл ІІД ЖДБ бастығының орынбасары Бақытжан Әлібеков.

Бүгінгі таңда Петропавл көшелерінде 410 камера жұмыс істеп тұр.