Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Петропавл қаласы Парковая көшесінің бойында тоғыз қабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатында үй заттары мен жиһаз жанған.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері баспалдақ арқылы 3 адамды құтқарып, 217 адамды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді, өрттің себебі анықталуда»,-делінген хбарламада.
Айта кетейік, осыған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі үйде өрт шыққан жағдайда не істеу керегін түсіндірген болатын.