Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы күзет агенттіктерінің бірінің директорынан 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Лауазымды тұлға бұл соманы мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес мемлекеттік нысандардың бірін күзету бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін алған.
Мамандардың айтуынша, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мән-жайы тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.