Петропавл әкімдігінің салық жинау бөлімі ғимаратынан өрт шықты

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Кеше, наурыздың 25-і күні Петропавл әкімдігінің салық жинау бөлімі ғимаратының 2-ші қабаты өртенді,

деп хабарлады еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Өрт 30 шаршы метр аумақты қамтыған. ТЖМ мәліметтеріне қарағанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қызыл жалын Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі күшімен екі сағаттың ішінде ауыздықталған. Апаттың алдын алуға аталған қызметтің жеке құрамындағы 26 маманы мен 3 техникасы тартылған.