Әскери бөлімге Астанадан, Алматы мен Оңтүстік Қазақстаннан келген 200 жас сарбаз Қазақстан халқына және оның Президентіне адал еңбек етуге, Констуция мен елдің заңнамасын қатаң сақтауға уәде берді.
Бұған дейін олар бір ай бойы жас сарбаздар курсынан өтті. Ендігіде олар 2 апта бойы қаруды қалай қолдану керектігін үйреніп, зерттейтін болады, содан кейін олардың әрқайсысы жеке қаруға ие болып, өзіндік қызмет атқаруға кіріседі. Бір айдан кейін құрылымдар бойынша үйлестіру басталады.
Әскери қызметкерлердің бір бөлігі жабық түзету мекемелерін күзететін атқыштар батальонының құрамында қызмет ететін болса, басқалары шұғыл мақсаттағы батальонның құрамын толықтырады, олардың басты мақсаты - Петропавл көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті бақылау.
Жас сарбаздарды құттықтауға Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков, қоғам өкілдері, ардагерлер, олардың туыстары мен достары келді.
Ант қабылдау рәсімінің соңында бөлімнің әскери қызметкерлері алаңда салтанаттық саппен жүріп өтті.