Оған қала басшысының ұзақ уақыт бойы ботаникалық бақты басқарып келген ҚР еңбек сіңірген агрономы Равиль Рязаповпен дөрекі сөйлескен сәті түсірілген видео себеп болған. Олар жылыжайды қайта құрылымдау мәселесін айтып, дауласқан. Қаланың құрметті тұрғыны мен Петропавл әкімінің дауласып жатқан видеосын кездесуге қатысушылардың бірі түсіріп алған.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тәртіптік іс қозғалған. Фактілер расталған жағдайда оны әдеп кеңесінде қарайды. Петропавл әкімі қызметінен шеттетілген жоқ.
Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі қала әкімін, енді бірі қала тұрғынын жақтап, қызу талқылап жатыр.