Петропавл әуежайы Астанамен арадағы авиарейстерін ретке келтірді

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл халықаралық әуежайы елордаға авиарейстерін жаңартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қала авиакассасының ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Ұшақтар 8 қарашадан бастап әуеге көтеріле бастады. Әзірге авиақатынас тек қана Астанамен ғана ретке келтірілді. Қалалық авиакассада рейстер аптасына екі рет: сейсенбі және сенбі күндері орындалатынын айтты. Билет құны 10 мың теңге. Ұшақ  Астанадан - 13:40-та ұшып шығып, Петропавлға 12:50-де қонады. Халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолақтарын жөндеу жұмыстары аяқталды, терминалды  қайта құру жалғастырылуда. Ұшу-қону жолағын  жаңғыртуға және ілеспе жабдықты орнатуға республикалық бюджеттен 6 млрд. теңге, жолаушылар терминалының ғимаратын жаңартуға 29 млрд. теңге бөлінді.