«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Петропавл гидроторабының автожол көпірінде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.
Осыған байланысты 2026 жылғы 30 шілде сағат 09:00-де Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар KZ15-09 «Петропавл қаласының айналма жолы» автомобиль жолының 25 - 30 шақырым аралығында (20-ықшамаудан айналма жол айрығынан Мамлютка айналма жол айрығына дейін) автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Жөндеу жұмыстары кезеңінде:
– жеңіл автокөліктердің қозғалысы Петропавл қаласы арқылы ұйымдастырылады;
– жүк автокөліктері үшін келесі балама бағыттар ұсынылады:
- KAZ02 «Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)» автожолының 481-473 шқ аралығы;
- KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 946-938 шқ аралығы;
- KZ15-02 «Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы» автожолының 0-30,519 шқ аралығы.
Жолды 2026 жылғы 3 тамыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды және жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұрайды.
Айта кетейік, Астана – Қарағанды тасжолының бір бөлігі екі аптаға жабылады.