Петропавл-Ганновер әуе рейсі қайта жаңғыруы мүмкін

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Йоханес Клиннермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімібаспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде ауыл шаруашылығы саласындабірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы сөз болды.

Облыста «CLAAS»компаниясының ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын зауытты ашу туралыайтылды. Құмар Ақсақаловтың пікірінше, нәтижесінде жергілікті шаруалардыңзаманауи техникаға қолы жетімді болады, жұмыс өнімділігі артады.

«Неміс комбайндарыбізде құрастырылса, оның бағасын 52 пайызға арзандата аламыз. Диқандаршығымдылық пен еңбек өнімділігін арттыра алады. Облыста «CLAAS» компаниясының400 техникасы бар. Сәйкесінше, қосалқы бөлшектер қоймасы бар қызмет көрсетуорталығы керек. Бізде ғимарат дайын, оған қажетті инфрақұрылым тартылған», -деді Құмар Ақсақалов.


Өңір басшысыныңайтуынша, Германияның тәжірибесіне сүйене отыра гербицид шығаратын зауытты да ашуғаболады. Бірлескен кәсіпорындарғағимараттар дайын. Сондай-ақ облыс әкімі Петропавл-Ганновер әуе қатынасын қайтажаңғыртуды ұсынды.

Неміс елшісі облысәкімінің ұсыныстарын қолдап, Германия өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуғаниетті екенін жеткізді.

«СҚО Ресейдіңөңірлерімен шектеседі. Бұл жерде көлік логистикасы жақсы дамыған. Біз екі елдіңарасындағы тауар айналымын үдете аламыз. Агросектор – бірлескен жобалар үшінтиімді сала. Солтүстікқазақстандық өнімді Германияға жеткізу бізге де тиімдіболмақ», - деді Тило Йоханес Клиннер.