Петропавл қалалық тұрғын үй қызметінің басшысы тергеуге алынды

Фото: Фото: Алина Тулебаева / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Лауазымды тұлғаға 7,5 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті. 

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Лауазымды тұлға алдын ала сөз байласу арқылы тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін жөндеуге бөлінген 7,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді», - деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы сотталғанын жазған едік.