Петропавл қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фото: Фото: Петропавл қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары болып Ержан Мұстафин тағайындалды. 

Петропавл қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ержан Мұстафин 1984 жылы 13 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Жарғайың ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2007 жылы Петропавл қаласының Ішкі істер органдарында бастаған. 

2010-2023 жылдар аралығында Есіл ауданы әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Осы тағайындауға дейін СҚО Есіл ауданы әкімінің экономика және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінде болды.

Бұған дейін Қонаев қаласы әкімінің орынбасары тағайындалғанын жазған едік.